Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 млн теңге болатын жоғалған малын тауып берді

Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 млн теңге болатын жоғалған малын тауып берді

Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 млн теңге болатын жоғалған малын тауып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 31 қазанында Қарғалы ауданының полиция бөліміне 76 жастағы ауыл тұрғынынан 130 бас жылқының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Жәбірленуші залалдың жалпы сомасын 65 млн теңгеге бағалады.

Жәбірленушінің арызы тіркеліп, залал көлемінің аса ірі екенін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысты ашу және жоғалған жылқыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары Қарғалы ауданында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздестіру шараларын жүзеге асырды. Үш тәулік ішінде бес көлікпен 15 полиция қызметкері малды іздеуге жұмылдырылды.

Үш күннен кейін жоғалған мал шаруашылықтан 60 шақырым жерде табылып, ұрлықтың орын алмағаны анықталды. Осыған байланысты тергеу тоқтатылды. Дегенмен, бұл біріншіден, бұл тәртіп сақшыларының уақытын алады, екіншіден, оған кететін шығындарды да ескеру қажет.

Жыл басынан бері мал ұрлығының 42 дерегі тіркелді, алайда жартысынан көбі мал ұрлығының орын алмауына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды. Алайда барлық фактілер бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді.

Басты себеп – иелерінің малға немқұрайды қарауында. Полицейлер малды орталықтандырылған жайылымдарда жаюды ұйымдастыру қажеттігін тағы да ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді