Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның ІІМ басшысы корейлік әріптестерімен кездесті

Қазақстанның ІІМ басшысы корейлік әріптестерімен кездесті
Фото: polisia.kz

Корея Республикасына жұмыс сапары барысында ІІМ басшысы Ержан Саденов бастаған Қазақстан делегациясы Кореяның бірқатар мемлекеттік органдарының жетекшілерімен іскерлік кездесулер өткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қазанда билеуші партияның бас хатшысы Ли Чюль Гю мырзамен және корейлік ұлттық полиция агенттігінің бас комиссары Юн Хи Кынмен кездесулер өтті.

Сонымен қатар қазақстандық делегация дүниежүзілік полиция көрмесіне барып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын соңғы жобалармен танысты.

20 қазанда Ішкі істер және қауіпсіздік министрі Ли Санг Минмен кездесу өтті.

Барлық келіссөздерде қазақстандық тарап көші-қон және қылмысқа қарсы күрес саласында екіжақты ынтымақтастық орнату мәселесін көтерді.

Сондай-ақ біздің еліміздің делегациясы Кореяның көші-қон қызметінің комиссарымен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық шарттар жасасу бойынша жеке келіссөз жүргізді.

Кездесулердің қорытындысына сәйкес тараптар жоғарыда аталған бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестік орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Сапар аясында Шинхан университетінің ректоры Канг Сонг Джонг мырзамен де кездесу өтті. Онда қазақстандық полиция академияларының корей тарапымен кадрлар даярлауы, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруы, лекторлардың өзара сапарларын ұйымдастыруы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты