Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер министрі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Өкілетті Елшісімен кездесті

Ішкі істер министрі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Өкілетті Елшісімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Жаңа қауіп-қатерлерге, интернет-алаяқтыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ведомство басшысы америкалық тарапқа ішкі істер органдарын реформалау саласында қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде пенитенциарлық жүйені жаңғырту туралы айтып берді.

Уильям Мозер Қазақстан ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес және адам құқықтарын сақтау саласындағы оң жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумды іске асырудың қорытындыларын шығарды.

Кездесуде меморандумның қосымша хаттамасына қол қойылды, онда киберқылмыспен, есірткі бизнесімен және алаяқтықпен күрес саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту көзделген.

Кездесу соңында тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады