Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрімен кездесті

Әлихан Смайылов БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрімен кездесті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауи мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Астанада өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды арттыру перспективаларын, инвестициялық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибе алмасу қадамдарын және басқа да мәселелерді қарастырды.


Премьер-Министр Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Парсы шығанағы аймағындағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сәйкес екі ел арасындағы тауар айналымы $633 млн-ды құрады. Сонымен қатар жақын арада өзара сауда ауқымын кеңейту арқылы бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Әлихан Смайылов атап өткендей, инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа жобалармен де қолдау тауып отыр. Мәселен, Қазақстанға тартылған Әмірліктер инвестициясы өткен жылы – 27%-ға өсіп, шамамен $420 млн-ға дейін жеткен.

«Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 3 еседен астам өсті және қазірдің өзінде $400 млн-нан асты. Біз барлық басым бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ашықпыз және Әмірліктер инвесторларына олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасында мемлекеттік басқару саласындағы өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын айтты. Ақпан айында Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммиті аясында тиісті Меморандумға қол қойылды.

«Біз тәжірибе алмасудың бұл мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыру үшін Әмірліктердің озық тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Гаргауи Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін баса айтты.

«Біз экономикалық салада оң нәтижелерді көріп отырмыз. Әрине, бізде ортақ үлкен әлеует бар. Экономикалық дамумен қатар, біздің халқымыздың арасындағы достықтың, туристер санының арта түскенін де көріп отырмыз. Біз бұл көрсеткіштердің барлығы одан әрі өседі деп үміттенеміз», — деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі