Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да ауыл тұрғыны отбасылық жанжал бойынша шақыртуға келген полицейге кедергі келтірген

СҚО-да ауыл тұрғыны отбасылық жанжал бойынша шақыртуға келген полицейге кедергі келтірген
Фото: pixabay.com

СҚО-да ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторына отбасылық жанжал бойынша шақыруға келгенде кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қазанда СҚО Мамлют ауданының полиция бөліміне Мамлютка қаласының Железнодорожная көшесінде тұратын 57 жастағы ер адамның қатысуымен болған отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы барды. Отбасылық жанжалқойға қатысты материал жинау барысында учаскелік инспектордың жұмысына көрші тұратын аудан орталығының басқа 40 жастағы тұрғыны күтпеген жерден кедергі келтіре бастады. Полицейдің отбасылық дау-дамайға шақыруға кедергі жасамау туралы өтініштеріне ер адам құлақ аспады, осылайша құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбады.


Отбасылық жанжал үшін ұсталған 57 жастағы ер адамды полиция бөліміне жеткізгеннен кейін, учаскелік полиция қызметкері Мамлюттің 40 жастағы тұрғынының үйіне оралды, бұған дейін ол оның қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген еді.

Ер адамнан әңгімелесу және хаттама рәсімдеу үшін көшеге шығуын өтінді. Алайда учаскелік инспекторды көргенде, үй иесі жеке үйінің ауласына тұмылдырығы жоқ итін босатып жіберіп, учаскелік полиция инспекторымен сөйлесу үшін үйдің қоршауынан ары шығудан бас тартты.

Осы факт бойынша 40 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 2-бөлігі бойынша материал жиналып, процестік шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберілді. Бұл баптың санкциясы он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді