Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания қандай?

Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания қандай?
Фото: pixabay.com

Қазақстан нарығында бесінші әуе компаниясы пайда болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында мәлімдеді.

Жалпы (Qazaq Air компаниясын – ред.) сатамыз деген ой бар. Біз бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде соңғы рет барғанда Въетнамда Sovico деген компания бар. Онымен көбірек жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, компания қазақстандық нарықты зерттеу үстінде.

Олар ішкі нарықты зерттеп жатыр. «Виджет» деген компания бар. Ол елімізде ұшып жүр. Ол – лоукостер. Олардың ұшақтары өте көп. Соны тартамыз деген ой бар. Бірақ ол қазір шешілді деген мәселе емес. Оны алдын ала айтуға ерте, - деді Марат Қарабаев.

Журналистер әлеуметтік билеттерге қатысты сұрақ қойды. 

Қазір бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Себебі, бұл мәселе түбінде субсидияға барып тіреледі. Осыдан 2 жыл бұрын әуежайдың өзіне 2,5 трлн теңге субсидия бөлсек, қазір ол 8 млрд теңгеге өсті. Сондықтан ол бюджетке артық қосымша жүк болады. Бюджет біздің салық төлеушілердің есебінен құрылады, - деп жауап берді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Марат Қарабаев ұшақ билеттерінің неге қымбаттап жатқанын түсіндірген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді