Г. Потанин атындағы трихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Успен ауданының «Тамыры терең туған жер» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Келесі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған экспозицияда әскери және еңбек марапаттары қойылған. Майданда Отан қорғаған Мария Ярменко екі рет жарақат алып, 17 рет үкімет наградасымен марапатталған. Соғыстан кейін 1946 жылы ауылға келіп, 30 жыл фельдшер болып жұмыс істеген. Батырдың құрметіне аудандағы көшелердің бірінің атауы берілген.
Сондай-ақ, Успен ауданында туған Негман Наукенов майданға 1939 жылы шақырылған. Соғыстан кейін жауапты орындарда жұмыс істеген.
Көрмеден Социалистік Еңбек Ерлері Яков Геринг және Петр Музыкаға қатысты ақпараттармен танысып, соғыс кезіндегі Мария Ярменконың медициналық қызметкер киімі мен 1941-1945 жылдары майданнан Берлинге дейін жеткен саптыаяқты көруге болады. Бұдан басқа, ауданда тұратын қазақ, орыс, удмурт, неміс, украин ұлттарының костюмдері мен жергілікті шеберлердің заманауи қолданбалы қолөнер бұйымдары, ХІХ ғасырдың соңындағы музыкалық аспаптар қойылған.
Сурет: inform.kz