Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Орта және Оңтүстік көлік дәліздерін дамытуды жоспарлап отыр

Қазақстан Орта және Оңтүстік көлік дәліздерін дамытуды жоспарлап отыр
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Орта және Оңтүстік көлік дәліздерін дамытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы New Silk Way VI Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында «Автокөлік қызметтерінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы панельдік сессия барысында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қуанышұлы Селим мәлімдеді.

Ол жасаған баяндамасында автокөлік саласының қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары туралы ақпарат берді. Спикер қазіргі уақытта алыс шетел бағытына 7,6 мың автокөлік құралымен қамтылған паркі бар 370 қазақстандық тасымалдаушы жұмылдырылғанын атап өтті. Халықаралық тасымалдармен қамтамасыз ету үшін 42 елмен тиісті келісімдер жасалған.

Бұдан басқа, отандық автопаркті толықтыру мақсатында халықаралық тасымалдармен айналысатын ершікті тартқыштарды бастапқы тіркегені үшін кәдеге жарату алымдарын төлеу қажеттілігі жойылды.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша халықаралық бағытта 6,4 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 8,7%-ға артық. Бұл ретте отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі бір жылда 31-ден 42 пайызға дейін өсті.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, алдағы уақытта уәкілетті мемлекеттік орган Орта және Оңтүстік дәліздердің баламалы бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл үшін Каспий және Қара теңіз порттары жұмылдырылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты