Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде утилизациялық алымнан кімдер босатылады

Елімізге әкелінген әрбір көлік тіркеу салығы мен утилизациялық алымды төлеуге міндетті. Кейбір автокөліктер бұдан босатылуы мүмкін. Осы орайда утилизациялық алымды кімдердің төлемейтіні туралы "Жасыл даму" акционерлік қоғамы хабарлады,-деп жазады Kazlenta.kz

Қазақстанда утилизациялық алымның мөлшері екі есе азайғаны белгілі. Алайда автокөлік әкелгені үшін төленуі тиіс сомалар әлі де қомақты болуы мүмкін. Бұдан бөлек көлік жүргізушілеріне тіркеу салығын да төлеу қажет. Алайда қазір әкелінген кейбір көліктердің иелеріне утилизациялық алымды төлемеуге байланысты жеңілдік берілмек. Утилизациялық алымнан кімдер босатылады? Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша "өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы үкімет қаулысына өзгерістулер мен толықтырулар енгізу туралы" 18.07.2022 жылғы үкімет қаулысы шығарылған.

Онда утилизациялық алымды енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникаларға қатысты "0" коэффициентін қолдану қарастырылған. "0" коэффициентін қолдану үшін халықаралық тасымалдарға қатысушылар мен ершікті тартқыштарды аталған бағытта пайдалануды жоспарланған өндірушілер және (немесе) импорттаушылар, recycle.kz. сайтына кіріп, жеке кабинетінде өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш халықаралық тасымалдарға қатысатынын көрсетіп, утилизациялық алымды енгізу туралы сертификат (утилизациялық алымды енгізгендігі туралы куәлік) жүктеледі.

Оның мөлшері 0 теңге. Утилизациялық алымды енгізгендігі туралы куәлік алған күннен бастап 3 ай ішінде ершікті тартқыштың иесі көлік құралын тіркеу есебіне қоюға және халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасын алу үшін уәкілетті органдарға жүгінуі қажет. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын тексеруді техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асыратын болады. Аталған түзетулер үкімет қаулысы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды