Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген
Фото: polisia.kz

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын, екінші топта мүгедектігі бар әйел жүгінген. Жәбірленуші өз шағымында көрші тұратын әйелдің үйіне келіп, жаңа жылдық мерекеге орай мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы алуға телефоннан өтініш беру қажет екендігін айтып, оның ұялы телефонынан бейне сәйкестендіру жүргізгенін, осылайша мүгедек әйелдің сенімін теріс пайдаланып, оның атына тауарлық несие рәсімдегені туралы шағымданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 492 800 теңгені құрайды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері шағымданушының пайдакүнем көршісін, 40 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда