Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жоғары технологиялық зауыт салынады

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жоғары технологиялық зауыт салынады
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жамбыл облысында ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп, Ресей мен Қытайдан келетін импорттың орнын алмастыратын, алтын өндіру саласының стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін натрий цианидін өндіретін зауыттың құрылыс жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Он жыл ішінде көршілес елдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия) сұраныстың артуы болжанатындықтан, жоба жоғары экспорттық-бағдарлы потенциалға ие. 

Зауыттың іске қосылуы 2025 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. «Altynalmas Reagents» кәсіпорны Шу қ. «Химический парк Тараз» бос экономикалық аймағында орналасқан. Өндірістік қуаты – 25 000 тонна натрий цианиді – алтын өндіретін өнеркәсіп үшін бүгінгі таңдағы басты және таптырмайтын химиялық реагент. Шығарылатын өнім – алтынның гидрометаллургиясында қолданылатын 98%-дан кем емес таза ең жоғары сапалы натрий цианиді.

«Бұл – әкелінетін өнімді импорттық алмастыру ғана емес, алтын өндіретін саланың стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алтын өндіру саласында цианид кеннен алтынды бөліп алу үшін пайдаланылатындықтан, бүкіл өнеркәсіп осыған тәуелді. Біздің компания өнеркәсіпке алдыңғы қатарлы технологияларды ендіруге мүдделі, сондықтан экономиканы әртараптандыру жағынан бұл жоба да маңызды болып табылады», - дейді «Алтыналмас АК» АҚ Басқарма төрағасы Баламир Маханов.

Жаңа кәсіпорында химиялық өндіріс саласындағы әлемдік көшбасшының лицензияланған технологиясы – Chemours (бұған дейін DuPont) қолданылатын болады. Жобалау және құрылыс жұмыстарымен бұған дейін әлемде осыған ұқсас 2 жобаны жүзеге асырған, Glatt Gmbh неміс жетекші инжинирингтік компаниясы айналысуда. Кәсіпорынға еңбекті қорғау және экология саласындағы ең жақсы алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманауи стандарттар ендіріледі. Осылайша, мысалы, қоршаған ортаға нөлдік шығарындымен техникалық су айналымының толығымен тұйықталған циклі, қайта өңделетін газды апаттық жағу қоршаған ортаға қауіпсіз болатын жүйе жобалануда.

Жобаның жалпы химиялық саланың дамуына қуатты серпін болатынын ескере кетейік, себебі оны жүзеге асыру арқылы химиялық өнеркәсіптің іргелес және ілеспелі салаларына қосымша сұраныс жасауға мүмкіндік туады, сондай-ақ химиялық өнеркәсіп үшін инженерлік-техникалық қызметкерлердің және адамдардың дамуын ынталандырады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру арқылы 100-ден аса тұрақты жұмыс орны жасалатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі