Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан
Фото: polisia.kz

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полицейлер ойын-сауық орындарына есірткі жеткізумен айналысқан жас жұбайларды анықтады. Астана тұрғынына тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын мефедрон есірткі заты салынған қағаз қапшық, орауыш ыдыстар мен есірткі заттарын қаптауға арналған құрылғылар тәркіленген.

Одан әрі ерлі-зайыптылардың Бектұрова көшесіндегі тұрғылықты жерін тінту кезінде ас үй шкафынан салмағы 350 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар сөмке табылған. Тәркіленген синтетикалық мефедрон есірткінің жалпы салмағы 558 грамм немесе шамамен екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордалық полицейлер жыл басынан 750 есірткі қылмысын анықтап, салмағы 262 келі болатын есірткі тәркілеген, оның ішінде 43 келі “синтетика” болған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі