Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық полицейлер екі келіден астам мефедрон тәркіледі

Астаналық полицейлер екі келіден астам мефедрон тәркіледі
Фото: polisia.kz

Астаналық полицейлер арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері елордаға есірткі жеткізу, сатумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кескен. Мәселен, Тоқпанов көшесінің аумағында бұрын сотталған 26 және 23 жастағы бірге тұратын қала тұрғындары анықталған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайындалған марихуана және мефедрон есірткі заты салынған үш полиэтилен пакет, сондай-ақ электронды таразылар, зип пакеттер және 1,2 миллион теңгеден астам ақша табылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сатушылардың тауарларды жасырып қою арқылы интернеттің көмегімен сатқаны анықталды.

Тергеу жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған азаматтар полиция қызметкерлеріне есірткі заттары жасырынған құпия орындарды көрсеткен. Бұған қоса Ерен-Қабырға көшесінен есірткі заты бар 100 полиэтилен түйіншек тәркіленсе, Тәуелсіздік даңғылында есірткі заты бар тағы да 100 полиэтилен түйіншек табылған.

Арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон синтетикалық есірткі заты және 200 грамм марихуана тәркіленген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық топпен, аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты