Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық полицейлер есірткі “курьерін” анықтады

Елордалық полицейлер есірткі “курьерін” анықтады
Фото: polisia.kz

Елордада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенінің қызметкері құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі “курьерін” анықтады.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған азаматтың құпия орындарға синтетикалық есірткі жасырып, оны таратумен айналысқаны анықталды.

Осылайша психоактивті заттарды сатпақ болған интернет-дүкеннің 32 жастағы қызметкері анықталып, одан жеке тінту кезінде сатуға дайын 21 бума мефедрон есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Hyundai Accent автокөлігін тінту кезінде тағыда екі полиэтилен байламы тәркіленген.

Одан әрі тұрақты жерімен оған іргелес аумақты тінту кезінде қоқыс жәшігінен рюкзак табылған. Оның ішінде екі синтетикалық полиэтилен пакеті және басқа да есірткі заттарын орау үшін керек-жарақтар болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты