Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық экономика министрінің экс-орынбасары 5 жылға сотталды

Ұлттық экономика министрінің экс-орынбасары 5 жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Медеу ауданының №2 сотында Ұлттық экономика экс-вице-министрі Ілияс Өсеровке (Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары), Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа және Алматы қаласы Қаржы басқармасының экс-басшысы Айнұр Құдайбергеноваға қатысты сот процесі аяқталды, деп хабаралйды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Сотта анықталғанындай, ҰҚКД орынбасары алдау жолымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ө. және Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ. арқылы сот үкімі бойынша тәркіленген 5 мүлік нысанын көрінеу төмендетілген бағамен иеленген», – деп мәлім етті қалалық соттан.

Айыпталушылар өз кінәларын мойындамады. Соттан өздерін ақтауды сұрады.⠀

Олардың кінәсі іс бойынша жиналған айғақтар, куәгерлердің жауаптары, сот сараптамаларының және аудиторлық қорытынды арқылы дәлелденді.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, келесідей жаза тағайындады:

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі атағынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Ұлттық экономика экс-вице-министрі Ілияс Өсеровке – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Алматы қаласы Қаржы басқармасының бұрынғы басшысы Айнұр Құдайбергеноваға – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру.

«Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды – сотталушыларда соттылықтың жоқтығын, кәмелетке толмаған және кішкентай балаларының болуын, сондай-ақ бір сотталушы М.-нің (Т.Мұқановтің) залалды өтеуін ескерді», – деп атап өтті қалалық соттан.

Сотталғандар жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі