Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасында бес адамның өліміне себеп болған өртке 100% жұмыс беруші кінәлі деп танылды - министр

«Қазақстан» шахтасында бес адамның өліміне себеп болған өртке 100% жұмыс беруші кінәлі деп танылды - министр
Фото: ҚР ТЖМ

18 қыркүйекте Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған апат және жұмыскерлердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Комиссия апат кезінде пайдаланылған техникалық құрылғылар мен жабдықтарға бірқатар арнайы сараптама жүргізді. Сонымен қатар өрттің пайда болуының және таралуының техникалық себептерін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама жүргізілді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес комиссия апат пен топтық жазатайым оқиғаның негізгі себептерін анықтады:

Біріншіден, көмір конвейеріндегі өрт конвейердің кептелген және бекітілген ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты болды.

Екіншіден, шахтаның инженер-техникалық құрамы тарапынан өндірістік бақылаудың болмауы. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасының сақталмауы және энергия-механикалық қызмет бақылауының әлсіздігі анықталды.

Үшіншіден, қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларын бұзу. Бұл сәйкестік сертификатынсыз таспалы кенептің жұмысы.

Соңғысы, жұмыс аймағының тозаңдылығы және жану өнімдері мен тау-кен қазбаларынан болған ауа газдылығы қызметкерлердің өліміне әкеп соқты», - деп Сырым Шәріпханов хабарлады.

Сонымен қатар, ТЖ министрі еңбек заңнамасы нормаларын бірқатар бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

«Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталды, заңнаманы бұзуға жол берген 28 жауапты тұлға анықталды», - деп Сырым Шәріпханов атап өтті.

«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес тергеу нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды