Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«АрселорМиттал» Қазақстаннан кете ме – Ерұлан Жамаубаевтың жауабы

«АрселорМиттал» Қазақстаннан кете ме – Ерұлан Жамаубаевтың жауабы
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «АрселорМиттал» компаниясының Қазақстан нарығынан кетуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, саяси шешім (АрселорМитталдың Қазақстаннан кетуі бойынша – автор түсіндірмесі) бар. Сондықтан да жұмыс істейтін боламыз», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, вице-премьер «АрселорМиттал» меншігін ресейлік «Северсталь» компаниясына беру туралы желіде пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

«Бұл мәселемен тікелей Роман Скляр айналысады. Егер әркім өз деңгейінде қабілетсіз түсініктеме берсе, бұл дұрыс болмайды. Сонымен қатар, бұл келіссөздер процесіне әсер етуі мүмкін», - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Қоса кетсек, бұған дейін «Қазақстан» шахтасының экс-директоры, қазіргі Мәжіліс депутаты Арман Қалықов «АрселорМиттал Теміртау» елден кетуі тиіс деген пікір білдірген еді.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды