Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі болды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеру үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) құрған комиссия 4 жұмысшының қаза болуының негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Бұдан бұрын хабарланғандай, жазатайым оқиға 2020 жылғы 30 желтоқсанда кешке жарылыс жұмыстарын орындау кезінде орын алған. «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС қызметкерлері: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушылар Рустам Шәметов пен Денис Черный, жерасты өздігінен жүретін машиналардың машинисі Берік Жақыпов оқиға құрбандары болды.


Еңбекмині топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп-тексеру үшін Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрды.


Осы жазатайым оқиғаға әкеп соққан мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеп, куәгерлерден сұрау барысында жиналған барлық дәлелдемелер базасын ескере отырып және жұмыс берушінің техникалық құжаттамасы мен материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша комиссия осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деген қорытындыға келді.


Комиссия мынадай негізгі себептерді анықтады: жұмыскерлердің өздерінің өрескел абайсыздығы; жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзуы; жұмыс өндірісінің тиісінше ұйымдастырылмауы.


Комиссия мүшелері қаза тапқан қызметкерлердің туыстарымен кездесіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтарын түсіндірді.


Арнайы тергеп-тексеру материалдары процестік шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарына берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды