Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды

Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Президент Душанбеге жұмыс сапары аясында аймақ мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне орай ұйымдастырылған Орталық Азия тауар өндірушілерінің көрмесіне барды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан президенттері қатысушы мемлекеттердің экономикалық жетістіктерін танытатын ұлттық павильондарды аралап көрді.

Қазақстан алаңында металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика, құрылыс индустриясы, автокөлік құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және басқа да салалар бойынша 130-дан астам кәсіпорынның өнімдері қойылған.

Қазақстан экспозициясын көруге келгендер тыңайтқыш, алюминий және зергерлік бұйымдар, медициналық жабдықтар, космос аппаратының макеттері, компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, құрылыс материалдары, киім-кешек, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және басқа да көптеген отандық өнім түрлерімен танысты.

Көрме қонақтары отандық BARK Technology компаниясы әзірлеген жиілігі 20-320 Гц виброакустикалық толқын арқылы өкпені емдеуге арналған VibroLUNG бірегей қазақстандық медициналық аппаратына ерекше назар аударды. Бүгінде бұл аппаратты Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Беларусьтің, Панаманың, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Сингапурдың жетекші клиникалары сатып алған.

Сонымен қатар көрмеге отандық өнім өндірушілер шығарған 40-тан астам көлік, оның ішінде 20 жеңіл автокөлік, 10 ауыл шаруашылығы техникасы, 7 арнаулы техника, 2 автобус және бронды әскери машиналар қойылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және  VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды