Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кеше түнде Әлихан Смайылов бірқатар елдердің Президенттерін қарсы алды

Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиёев Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Екі ел басшысын әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды. Сондай-ақ кеше түнде Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси да келіп жетті, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Қырғызстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елордаға бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді. "Өзбекстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне (14 қазан) қатысады", – делінген ресми хабарламада. Еске салайық, Тоқаев 20 шілде күні Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барған болатын. Онда мемлекет басшысы Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Аса мәртебелі қонақты елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Айта кетейік, Тәжікстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Нақтыласақ, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, оған барлығы 50-ге жуық делегация қатысады. 14 қазанда елордада ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, оның аясында ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады.

Сонымен қатар 14 қазанда Астанада "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтеді. Онда сауда, мәдениет, қауіпсіздік және тағы басқа салалардағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті