Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«ИННОПРОМ-2023» көрмесінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

«ИННОПРОМ-2023» көрмесінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Дәстүрлі халықаралық өнеркәсіп көрмесінің аясында «Ресей – Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбына арналған панельді сессия ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталған сессияға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қатысты. Ведомство басшысы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы айта келе «Иннопром» алаңы келісімшарттар жасасып, жаңа әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Қазір бірлескен өнеркәсіп жобаларының жалпы саны – 125. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты бірлескен іс-қимылдың жаңа бағдарламасына қол қойылды. Алдағы уақытта өнеркәсіптің түрлі салалары бойынша тағы бірнеше жобаны іске асыру жоспарланып отыр», деді М.Қарабаев.

Сондай-ақ осы іс-шараның кезінде өнеркәсіп салаларын дамытудағы негізгі мәселелер, индустриялық кооперацияны ынталандыру тетіктері, өнеркәсіп салаларына мемлекеттік қолдау көрсету және екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары қарастырылды.

Осы орайда қазақстандық делегация «ИННОПРОМ-2023» көрмесіне қатысып жатқанын айта кетейік. Еліміздің тауар өндірушілері мен қызмет көрсететін компаниялар өз өнімдерін 1000 шаршы метрден тұратын экспозиция алаңында көрсетуге мүмкіндік алды. Атап айтқанда, 200-ден астам компания химия және фармацевтика, қара және түсті металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіпке арналған өнімдер мен шешімдерді ұсынып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді