Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Гонконгте Қазақстанның сауда мүмкіндіктері таныстырылды

Гонконгте Қазақстанның сауда мүмкіндіктері таныстырылды
Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023 жылғы 13 қыркүйекте Гонконгте өткен VIII «Бір белдеу – бір жол» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кедергісіз сауда, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық – «Бір белдеу – бір жол» бастамасының басты міндеті. Бүгінгі таңда бастамаға белдеу бойында орналасқан 150 ел және 32-ден астам халықаралық ұйым қосылды.

«Қытай – Қазақстанның екінші ірі серіктесі, 2022 жылы тауар айналымының көлемі $24,1 млрд болды. Арнайы экономикалық аймақпен сауда серпіні қарқынды өсуде: өткен жылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты сауда-саттық 91%-ға өсіп, $51,8 млн-ға жетті. Біз Қытайға $1 млрд-ты құрайтын 135 тауар позициясы бойынша, Гонконгке $600 млн-нан астам сомаға 100 тауар позициясы бойынша шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға дайынбыз», — деп мәлімдеді Арман Шаққалиев.

Халықаралық сауданы дамытудың негізгі құрамдас бөлігі – нарықтарды ашу және жеткізу тізбегін дамыту. Арман Шаққалиев Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі көлік хабына айналу жөніндегі ауқымды жоспарларын айтты.

«Бұл үшін көптеген жағдай жасалды. Жыл сайын Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалының көлемі өсуде. Қытаймен шекарада “Қорғас – Шығыс қақпасы” АЭА құру толығымен аяқталды. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен логистикалық терминал құрылды, ол бүгінде Қазақстаннан және Қазақстанға жүктерді жинап-тиейтін негізгі пункт болып отыр. Осы жылдың мамыр айында Сиань құрғақ портының аумағында “ҚТЖ” ҰК” АҚ терминалының құрылысы басталды. “Сәулелі” қағидат бойынша Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс бағыттарында сапасы жоғары автожолдар жобалары іске асырылуда, олар оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай өтуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Қорытындылай келе, Арман Шаққалиев Қазақстанның инвестициялық әлеуеті зор екенін, өңдеуші және жеңіл өнеркәсіп, жаңа жоғары технологиялар, жасыл энергетика, инфрақұрылым және қаржы бағытында шетелдік әріптестермен белсенді түрде жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Анықтама: «Бір белдеу – бір жол» – Қытайдың Орталық Азия, Еуропа және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда-көлік дәліздерін жетілдіру және жаңа сауда-көлік дәліздерін құруға бағытталған халықаралық бастамасы. Көпжақты өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «21 ғасырдың теңіз Жібек жолы» сынды екі қытайлық стратегиялық жобаны біріктіреді.

«Жібек жолының экономикалық белдеуі» ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бастау алған. Оның негізгі бағыттары:

1. экономикалық даму стратегиясы мәселелері бойынша пікір алмасу;

2. Тынық мұхитынан Балтық теңізіне дейін бірыңғай көлік инфрақұрылымын салу;

3. кедергілерді жоя отырып, сауда байланыстарын нығайту;

4. валюта ағындарын күшейту;

5. халықтар арасындағы байланысты нығайту.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді