«Жаңа ғасыр мен жаңа мың мыңжылдық табалдырығын егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Асан-Қайғы жырлаған Жерұйыққа, ақын-жырауларымыз, би-шешендеріміз аңсап, мұрат еткен ел азаттығы мен тәуелсіздігіне қиын-қыстау кезеңдерді біршама артқа тастап өз арманымызға жеттік. Ал тәуелсіздік дегеніміз – этностың, халықтың ұлттық мемлекет құруы туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси жетістігі, биігі-ұлттық мемлекет» – деп еліміздің белгілі академигі Ғарифолла Есім атап көрсеткендей, тәуелсіздікке ие болған жылдардың ішінде еліміз ішкі және сыртқы саясатында үлкен байсалды қадамдарымен, экономикада батыл бастамаларымен бүкіл әлемге танылды, рухани өмірге көптеген жаңа өзгерістер әкелді.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдени құндылықтар адамзат баласын тәрбиелейді. Бұл сөзіммен мәдениет - қоғамның ажырамас бір бөлігі екенін айтқым келеді. Тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласына едәуір көңіл бөлініп, ондағы мәселелерді шешудің нақты бағыттары айқындалып келе жатқаны қуантады.
Атап айтар болсам, мәдениет үйінің қызметкерлері аянбай еңбек етіп, Аршалы ауданының мәртебесін көтеріп, облыс көлемінде жақсы жетістіктерімен қуантып жүр. Еліміздегі елеулі саяси оқиға - сайлауда мәдениет қызметкерлері қалыс қалмақ емес. Ел тарихындағы осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуі тиіс. Сондықтан, тәуелсіздігімізге тәу етіп, еліміздің ертеңі үшін дұрыс таңдау жасайық!
Сізді дұрыс таңдау жасауға және барлық әріптестерімді "Nur Otan"партиясын мәслихаттағы сайлауда қолдауға шақырамын! Жарқын болашақ үшін дауыс берейік!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.