Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасады

Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасады
Фото: pixabay.com

6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі оны ұрғанын жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған.

Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды.

Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді.

Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды