Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны емізулі баласы бар әйелін ұрып-соққан

Емізулі баласы бар әйелін ұрып-соқты деген күдікпен Щучинск тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ведомство мәліметінше, 9 шілде күні Бурабай аудандық полиция басқармасына Щучинск тұрғынынан арыз түскен. Ол 33 жастағы азаматтық күйеуі ұрып-соққанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары 8-9 шілде аралығында ер адамның 5 айлық баланың анасына дене жарақатын салғанын анықтады.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 110-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар Ақмола облыстық ПД ер адам бұған дейін азаматтық некедегі әйелінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 7 мәрте әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.

Одан бөлек, күдіктіге қатысты Бурабай аудандық сотының өндірісінде ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі (Ұрып-соғу) бойынша екі әкімшілік материал қаралуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады