Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында ойықжара жұқтыру ошағын жою жүргізілуде

Ақмола облысында ойықжара жұқтыру ошағын жою жүргізілуде
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ақмола облысында халықтың арасында ойықжараға күдікпен: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында 15 жағдай тіркелді. Барлық науқастар Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС қызметкерлері болып табылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адамдардың сырқаттануы жанасумен, кесумен, союға қатысумен, ауру жануарлардың еттерін кәдеге жарату орнына тасымалдаумен байланысты.

2023 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық науқастар "ойықжара" диагнозымен Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының АОА инфекциялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оның 15-інде ойықжара диагнозы расталған (10  зертханалық , 5 клиникалық расталған).

Жағдайы орташа ауырлықтағы науқастар тиісті ем алады. Медициналық бақылауда жүрген 35 байланыста болған адам  анықталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша 21 ет сынамасының 16-сында  ойықжараның ДНҚ-сы анықталды.

Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеу арқылы жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ойықжара ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Халық үшін  ойықжараның профилактикасы туралы жадынама әзірленді.

Адамдардың инфекциясы негізінен ауру жануарлармен байланыста, өте сирек – ластанған топырақпен байланыста болады. Адамнан адамға ойықжара ауруы берілмейді. Инфекцияның негізгі көзі ауру ауылшаруашылығы жануарлары (ірі қара, жылқы, қой, ешкі).

Ойықжараның қоздырғышы адам ағзасына, негізінен, зақымдалған тері арқылы, ішінара – тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді.

Инкубациялық кезең (инфекция сәтінен бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2-ден 14 күнге дейін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді