Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағының тұсаукесері Алматы қаласында өтеді

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ мен "Ресей тікұшақтары" АҚ кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшақтарын құрастыру жобасы іске асырылуда. Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері 2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ аумағында өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Іс-шара шеңберінде тікұшақтарды жинау учаскесімен танысу, сондай-ақ жаңа Ми-8АМТ тікұшағының салтанатты тұсаукесері және символикалық кілтін тапсыру күтілуде. Ресми делегация құрамында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Талғат Жеңісұлы Жанжүменов, "Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Зейноллаұлы Сәрсембаев, "Ресей тікұшақтары" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Валерьевич Фомин және “Азаматтық авиация академиясы" АҚ ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов келеді.


Ми-8АМТ алғашқы тікұшақтарын Жинау "Қазақстан инжиниринг "ҰК АҚ және "Ресей тікұшақтары" АҚ арасындағы келісімшарт шеңберінде "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ өндірістік алаңдары базасында жүргізіледі. Жиналатын тікұшақтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.


Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақ Ми-8АМТ  тұсаукесері бойынша іс-шара 12 желтоқсанда сағат 12:00-де Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 17, "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ мекен-жайы бойынша өтеді.


БАҚ-ты аккредиттеу, қоса берілген аккредиттеу нысанына сәйкес 2020 жылғы 11 желтоқсан сағат 20:00-ге дейінгі мерзімде жүргізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады