RES-2019 жаңа спикерлерінің есімдері аталды. Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласының Әкімшілігімен келіссөздер және ХҒТО-ның қатысуы туралы хабарланады.
Қазақстан астанасында 2019 жылғы 25 қыркүйекте жаңартылатын энергия көздері бойынша III Саммит өтеді – (Renewable Energy Summit 2019) - халықаралық индустриялық алаң, оның жұмысына Оңтүстік Корея, Украина, Ресей және Қытайды қоса алғанда, әлемнің түрлі елдерінен 300-ден астам делегат пен спикер қатысады.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметтері бойынша саммит бағдарламасы белсенді толықтырылуда, сондай-ақ іс-шараның делегаттары мен серіктестерінің саны артуда. Атап айтқанда, іс-шараның демеушілері мен серіктестері қатарын Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) толықтырды.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүргізіліп, Астана әкімі Алтай Кульгиновтің саммитке қатысу форматы талқылануда.
Спикерлер қатарына келесі сарапшылар қосылды:
Суретте: Оралбек Ботбай
Оралбек Ботбай, «Source Energy» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
Қазақстанда танымал бизнесмен және меценат Оралбек Ботбай коммерциялық секторда және түрлімемлекеттік құрылымдарда 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Оның есімі БАҚ-та текбизнестегі жетістіктер мен қайырымдылыққа ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың дамуына да қатысты. 2011жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Тұран» колледжінің қамқоршылық кеңесінде білім беруді дамыту мәселелері бойынша сарапшы болып табылады. 2017 жылы Вьетнам Социалистік Республикасы Үкіметі жанындағы достастық ұйымы бірлестігінің «халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқанүлесі үшін» медалімен марапатталды. Source Energy компаниясы ЖЭК саммитінің Құрметті демеушісі болып табылады.
ВалерийТюгай, БҰҰДБ техникалық тобының жетекшісі
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Energy System Researches» ЖШС директоры. Энергия жүйелері мен электр желілерін жобалауда, электр желілерін перспективалық дамыту, техникалық және экономикалық талдау, тарифтерді зерттеу, электрэнергиясының қажеттіліктерін болжау және нарықтарын әзірлеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларда жұмыс тәжірибесі бар. ҚР Электр энергетикасын перспективалы дамыту, аймақтық электр желілерін дамыту, ірі тұтынушыларды сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын әзірлеу бойынша жобалармен айналысты.
Суретте: Алихан Байдусенов
Алихан Байдусенов, Стратегиялық бастамалар орталығының басқарушы серіктесі (CSI)
Алихан Байдусенов CSI командасына 2018 жылдың күзінде қосылды. Ол командаға Қазақстанның өндіруші секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесін және «ҚазМұнайГаз «Ұлттық Компаниясы» АҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ сияқты ірі мұнай-газ компанияларындағы көптеген маңызды жобалар бойынша сараптама жасады: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ IPO-ға шығу және «ҚМГ БӨ» АҚ активтері негізінде сандық Зияткерлік кен орнының жобасы. CSI - ға келгенге дейін ол «Ембімұнайгаз» АҚ-ның перспективалық даму жөніндегі Басқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Бизнесті дамыту жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары болды.
Суретте: Шолпан Айнабаева
Шолпан Айнабаева, «SkyBridge Invest» АҚ Басқарма төрағасы
2013 жылдың шілде айында SkyBridge Invest Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына шақырылды. SkyBridge Invest - ке келгенге дейін Шолпан 2005 жылдан бастап Казкоммерц Секьюритиз («Қазкоммерцбанктің» еншілес ұйымы) басқармасының төрағасы болды. «Қазкоммерцбанкте», Kcell, RG Securities-те жұмыс істеді. Қазақстан қор биржасының биржалық кеңесінің мүшесі және бағалы қағаздар орталық депозитарийінің Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2017 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, саммиттің спикерлері ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Канат Бозумбаев, Нобель сыйлығының лауреаты, «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі Рае Квон Чунг (Оңтүстік Корея), «Сколково» қорының төрағасы, ФИДЕ президенті, РФ Үкіметі төрағасының экс-орынбасары Аркадий Дворкович (Ресей), KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Акчулаков, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі департаментінің директоры Айнұр Соспанова, Украинаның халық әртісі, Қазақстан Республикасы, Евровидения 2004 жеңімпазы, Украинаның экс-депутаты Руслан Лыжичко (Украина), «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының президенті Владимир Школьник, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау, «жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев, «Хевел» компаниялар тобының бас директоры Игорь Шахрай (Ресей), «МЭК-Астана» бас директоры Александр Артамонов, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Астана ЭКСПО-2017 «ҰК» АҚ Басқарушы директоры Руслан Жемков, Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов, Rodina AG бас директоры және негізін қалаушы, Күн сәулелі Чернобыль АЭС әзірлеуші және иесі Евгений Варягин (Украина), Junko Solar вице-президенті Дэни Чэн (Оңтүстік Корея), «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасы Едил Копенов, S&P Global Ratings жетекші талдаушысы Михаил Давыдов (Ресей), Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Еуразия аймағы бойынша энергия ресурстары департаментінің директоры Аида Ситдикова, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев және т.б.
«Жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым - Қазақстанның жаңартылған энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Кашкинбеков іс-шараның идеологы мен бас ұйымдастырушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Қоры саммиттің тең ұйымдастырушысы болып табылады.
ЖЭК бойынша III саммиттің миссиясы-жаһандық green-трендтер, Қазақстанда жаңартылған энергетика жобаларын іске асыру, оларды қаржыландыру және дамыту мәселелері.
Саммит барысында әлеуетті инвесторларға ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы тұсаукесері өтеді.
Шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырушы KAZENERGY қауымдастығы болып табылатын KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019/ XII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өтеді.
ЖЭК саммитіне қатысуға тіркелу www.resummit.kz іс-шараның ресми сайтында жүзеге асырылады.
Kazakhstan Energy Week 2019 форумына қатысу туралы толық ақпарат www.kazenergyforum.com ресми сайтында.