Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласында жылына 750 млн. алюминиялық банкісі өндірілетін болады

2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «KazAlPack» компаниясының жеңіл металдардан (алюминиялық банкі)жасалған қаптама өндіру бойынша Орталық Азиядағы тұңғыш зауыт құрылысының капсуласын салды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жоба 23,4 млрд.теңге инвестиция мөлшерімен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.


Жылына көлемі 450 мл болатын 750 млн. алюминиялық банкілердіжәне сусындар үшін қақпақтарды өндіру жоспарлануда.Жобада осындай жабдықты өндірудегі әлемдік көшбасшы – «Stolle Machinery»(АҚШ) компаниясының ең заманауи технологиясы қолданылатын болады.

Зауыт өнімі импортты алмастыратын өнім болып табылады және отандық тамақ өнеркәсібінің алюминиелік банкіге қажеттілігін 75%-ын жабуға мүмкіндік береді. Шығарылатын жалпы көлемнің 10% өнімін экспорттау болжануда.


Ауданы 22 мың шаршы метр болатын зауытта ұзындығы 800 метр өндірістік желі орналастырылады, ол 13 өндірістік операцияларданжәне бірқатар сапаны тексеру жүйелерінен тұрады.


 

Жобада толық автоматтандырылған жүйелердіжәне өлшем жабдықтарын қолдану қарастырылған, осының арқасында өндірістік желінің жылдамдығы секундына 50 банкіжәне қақпақты немесе минутына 3000 дананы құрайтын болады.


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов кәсіпорындарды өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында компания басшылығына отандық металл өндірушілерді қолданумен алюминий прокатының өндірісін игеруді ұсынды.


Өндірісті 170 жұмыс орнын құрумен 2021 жылдың аяғында іске қосу жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады