Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін белгілеудің жаңа механизмі ұсынылып отыр

Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін белгілеудің жаңа механизмі ұсынылып отыр
Фото: pixabay.com

Жоба бойынша кэшбэк мөлшерін туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгілеу ұсынылады. Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10%-ын, 3 күн түнесе 15%-ын қайтарып алады. Ең жоғары - 20% кэш бек 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Механизм «төмен» маусым кезеңіндегі турларға бағытталған, бұл -  бизнесті, халықты және нөмірлік қордың толымдылығын қолдау мақсатында ұсынылып отыр.

Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді.

Ал, туроператордан офлайн форматта сатып алған жағдайда мемлекет кэшбекті тікелей туристке қажетті құжаттар мен өтінімді жинақтап жолдаған бетте оның есепшотына жіберетін болады.

Бүгінгі таңда аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр. Механизм аясында жобаға қатысушыларға ең төменгі талаптар қойылып отыр.

Туроператорлар үшін ол - ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметке лицензияның болуы. Ал, маркетплейс -отандық өнім және турист пен туроператор үшін ыңғайлы болуы тиіс.

«Қазақстанда ішкі туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында туристік «кэш бэк» енгізу ұсынылып отыр. Бұл тиімділігімен танылған әлемдік тәжірибе. Ел ішінде демалушылар тур құнының 20% - на дейін қайтарып ала алады. Бұл шара ұйымдастырылған демалыс мәдениетін дамытуға және ел ішінде саяхаттаудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты