Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына енген жаңа нормаларды түсіндірді

Алматы полициясы “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына енген жаңа нормаларды түсіндірді
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына енген жаңа нормаларды түсіндіріп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңды түсіндіру жұмыстары қала көшелерінде науқан форматында өтуде. Ол “Q88” қазақстандық урбанистер қауымдастығының белсенді қатысуымен және “Freedom” холдингінің қайырымдылық қолдауымен жүзеге асырылды. Ақпараттық жұмыс аясында полицейлер мен еріктілер жол қозғалысына қатысушыларға электр самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелерін түсіндіріп жатыр. Сонымен қатар микромобиль көлігін пайдаланушылар арасында дулығалар мен жарық шағылыстыратын кеудешелерді ойнату жоспарланған.

Еске сала кетейік, 30 тамызда “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына, атап айтқанда, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 шақырым болатын көлік құралы ретінде танылған электр самокаттарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен қозғалады. Олар болмаған жағдайда заңда белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, электр самокаттарға жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ электр самокаттардың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, оның үстінде бекітілген дулыға және шағылыстыратын киім болуы қажет, сонымен қатар кез келген санаттағы көлік жүргізу куәлігі болуы керек. Жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақпен электр самокаттарын жүргізу кәмелеттік жасқа толған және кез келген санатты жүргізуге құқығы бар адамдарға рұқсат етіледі.

Ережелердің бірін бұзған жағдайда жүргізушілер әкімшілік заңнаманың екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу)Аталған баптардың санкциялары бойынша құқық бұзушыларға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді