Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан қаза болды

Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан қаза болды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан қаза болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына  сілтеме жасап.

20 тамыз сағат 16:04-те Ақкөл ауданының полиция кезекші бөліміне Астана – Щучинск автомагистралінің 104-ші шақырымында, Гелиос ЖМҚС-ға қарама-қарсы бағытта ЖКО болғандығы туралы телефон хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, HONDA мотоциклінің 39 жастағы жүргізушісі Гелиос жанармай құю бекетінен Астана – Петропавл автомагистраліне жылдамдықпен шығып кетіп, көлікті басқара алмай, Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lexus RX-300 көлігіне соқтығысқан. Салдарынан мотоциклші қисық сызықты жол қоршауына ұшып кеткен. Апаттан зардап шеккен адам бірден Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда алған күрделі жарақаттарынан жүргізуші қайтыс болған. Медициналық қорытындыға сәйкес, Lexus RX-300 автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегені анықталды. Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр. Ақмола облысында жазғы маусымда мотоциклдермен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 19 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді