17 тамыз сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана — Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Астана қаласының тұрғындары, Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ЖКО фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген.
Тиісті сараптамалар тағайындалды; барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.