Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова: "Зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр"

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын талқылау туралы вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі еш қарастырылмағанын айтқан еді.

«Мұнда ешкім өтірік айтпады. Бюджеттік процесті өздеріңіз білесіздер. Қазір біздің министрліктің Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен жұмыс тобы бар. Жұмыс тобы бірінші графиктен өтті. Енді екінші графикте министрлердің алдына шығуымыз керек. Одан кейін республикалық бюджеттік комиссияға шығамыз. Сонда қазір біз бірінші топтағы жұмысты ғана бітірдік. Оның үстіне Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрі ғана емес, вице-премьер. Біз әлі министрлердің алдына жеткен жоқпыз», - деп жауап берді Т. Дүйсенова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сауалына.
 
Сонымен бірге, Еңбек министрі елдегі әлеуметтік сала, зейнетақы мәселелері жөнінде айтып берді. «Қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақылары бұрын шыққан зейнеткерлердікінен төмен, себебі еңбек өтілдері аз. Сондықтан қазіргі бірінші мәселе – базалық зейнетақылардың параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту, екінші – ынтымақтастырылған зейнетақы мәселерін көтеру, оның да параметрлерін қарастыру. Содан кейін заң аясында ерте зейнетке шығу мәселесі де қарастырылған.

«Күміс жас» деген жаңа бағдарлама жасалып жатыр. Барлық есептерімізді жұмыс тобына өткіздік, енді екінші кезеңге шығып жатырмыз. Бюджетті қарағанда жұмыс тобында ең алдымен вице-министрлер жұмыс істейді, менің де вице-министрім сол топқа барып жүр. Кейінгі топта бұл мәселе министрлер деңгейінде талқыланады. Сондықтан, қазір жұмыс тобында барлық министрлік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Ал Қаржы министрінің оны білу-білмеуінен менің хабарым жоқ», - деді Тамара Дүйсенова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді