Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады

«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады
Фото: primeminister.kz

«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сонымен бірге олардың жұмыс режімін де өзгерту жоспарланып отыр. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасында 2006 жылдың 4-ші қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы әзірленді.

Бұл құжаттың жобасында «Целинный» және «Сырдария» өткізу пункттерінің жұмыс режімін күндізгі тәулік уақытынан тұтастай тәулік бойы режімге ауыстырып, өткізу пункттерінің мәртебесін «екі жақтан» (мемлекетаралықтан) «халықаралыққа» (көпжақтыға) өзгерту қарастырылып отыр.

Аталған өзгеріс екі мемлекеттік шекаралық өңірлерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, тауар айналымын ұлғайтуға және Орталық Азиядағы туризм саласының дамуына ықпал етуге тиіс.

Хаттаманың жобасы 2023 жылдың 17-шітамызында «е-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады