Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр
Фото: Ашық дереккөзден

«МЫҢ БОЯУЛЫ АСПАН» - бұл азаматтардың бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын фестиваль. Фестиваль Қонаев қаласының ірі іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізу орны ретінде оң имиджін қалыптастырады және Алматы облысында «оқиғалы туризмді» ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқындалады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оның негізгі мақсаты – облыстың, осы аймақтың және мемлекетіміздің туризмі мен экономикасын дамытуға жәрдемдесу.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі бұл жобаны мемлекеттік бюджеттен 183 млн теңгеге қаржыландыруды жоспарлаған. Алайда, демеушілер тарту жұмыстары оң нәтиже беріп, «Мың бояулы аспан» халықаралық шар фестивалі коммерциялық жоба ретінде, жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдармен келісім жасау арқылы өткізілетін болып қайта мақұлданды.

Оқиғалы туризм – әлемде кең танымалдыққа ие болған және Қазақстанда даму сатысында тұрған туристік қызметтің перспективалық бағыты. Ол басқа туристік қызмет түрлерінің ішінде интерактивтілігімен, яғни іс-шараға адамдардың көп бөлігін тартуымен, эмоционалдылығымен және тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Өйткені Алматы облысы ішкі және келетін туристер саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.

Фестивальда аспанға алып шарлар мен батпырауықтарды ұшыру жоспарланған. Оған әлемнің түрлі елдерінен өкілдер қатысады.Шарлар Қонаев қаласының аспанын безендіріп, оны үздіксіз көркем кенепке айналдырады.

Фестиваль жергілікті өңірде интерактивті өте көркем бағдарламамен сүйемелденеді. Шарлармен ұшудан басқа, батпырауық сайысы, балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар, жарқын интернет-контентке арналған фотоаймақтар, музыкалық және театрлық шоулар, түнгі жарық қойылымдарымен жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді