Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АҚШ маймыл шешегі тіркелген мемлекеттер ішінде көш бастап тұр

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше 25 шілдедегі жағдай бойынша АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырудың 3846 оқиғасы тіркелген және осы көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орын алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ауру жұқтырған америкалықтардың саны Испаниядағы 3100 жағдай мен Германиядағы 2352 адамнан артық. Әлем бойынша бұл ауру 75 елде 18 100-ге жуық адамнан анықталды. Соның ішінде 17 800-ден астам адам бұған дейін аталған ауру тіркеліп көрмеген елдерде жұқтырған. Денсаулық сақтау саласының мамандары маймыл шешегін жұқтырғандар саны АҚШ-та ресми тіркелген жағдайлардан әлдеқайда көп екенін айтып отыр.

Сондықтан үкімет тестілеу мен эпидемиологиялық қадағалау шараларын күшейтіп жатыр. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенскидің айтуынша, әдетте маймыл шешегінің белгілері вирус жұқтырғаннан кейін үш апта ішінде көрінеді. Сондықтан шілде мен тамызда ауру жұқтырғандар саны көбеюі мүмкін. Техастағы балалар ауруханасы арнайы оқшаулау бөлімшесінің медициналық директоры доктор Эми Аррингтон адам лифт батырмасын басып немесе сауда орталығында біреудің қасынан өткен кезде маймыл шешегін жұқтыра алмайтынын айтты.

Вирус ұзақ уақыт тығыз қатынаста болған кезде ғана жұғады – ауру жұқтырған адамның терісіндегі инфекциялық ошаққа тиіп кетсе, ауру адамның киімі, төсек-орнымен жанасқан сәтте берілуі ықтимал.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті