Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары растап отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 17 шілде күні сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған.
"Секундына 20 метрге жеткен қатты жел салдарынан "Садко" демалыс орталығынан "Аюда" базасына бет алған тұрақты жолаушылар қайығы суға бата бастаған. Бортта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда болған", - деді Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Абырой болғанда, су көлігінде болған барлық адам құтқарылды. Жағалауда жүрген демалаушылар оның батып жатқанын көріп катер және гидроскутерлермен оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды Arnapress.kz. Бірінші кезекте тоғыз бала құтқарылған. Қалған адамдарды жағаға екі рейспен жеткізгені белгілі болды.