Ертіс өзеніне батып кете жаздаған ағайынды балаларды құтқарып қалған Андрей Карандашов 18 шілдеде облыс әкімінің қабылдауында болған. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, бұл нағыз қаһармандық әрекет.
"Бұл шын мәнінде ерлік емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рахмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын", - дейді Павлодар өңірінің басшысы.
Андрей Карандашов Ақтоғай ауданындағы Приреченск ауылының тумасы. Отбасында зайыбымен екі бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі кезде "Ақтоғай-Агро" ЖШС-де жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін ол отбасы жалдамалы үйде тұрған.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жергілікті тұрғын суға батып бара жатқан ағайынды үш баланы құтқарып қалғанын хабарлаған едік. Андрей Карандашов сол кезде балық аулап болып, үйіне қайтуға жиналған. Кенет ол балалардың суға бата бастағанын көріп, бірден көмекке ұмтылған.