Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

22 шілдеде Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 22 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Түнде 22 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ: түнде 22 шілдеде кей уақыттарда найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15-18 м/с күтіледі.

 

22 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, 38-40 градус қатты ыстық сақталады.

 

22 шілдеде Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22 шілдеде оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Басым  бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

22 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 22 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады.

 

22 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.    Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай облысының орталық және оңтүстік аймағында жоғары төтенше деңгейі сақталады.

Қостанай қ: 22 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

 

22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскемен қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

22-23 шілдеде Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 23 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 22 шілдеде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

 

22 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 39°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. 23-24 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 23-24 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады,  екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды