Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШЫҰ-на кіруге 10 ел өтінім берді

Осы жылдың қыркүйегінде Самарқанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің саммитінде бірқатар елдің ұйымға кіру өтінімі қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норовтың айтуынша, алдағы форум барысында Араб мемлекеттері лигасы, ЮНЕСКО, БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) сынды бірнеше халықаралық және өңірлік ұйымдармен арадағы серіктестік қарым-қатынас орнату туралы меморандумдарға қол қою күтіледі.

«Жоғары деңгейдегі кездесудің күнтәртібіндегі басты сұрақтардың бірі – ШЫҰ-ны одан ары кеңейту. Қазірдің өзінде ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Иран Ислам Республикасының міндеттемелері туралы меморандум қол қоюға дайын тұр. Құжат іс жүзінде осынау таяушығыстық ірі елдің біздің ұйымымызға толыққанды мүше болуына жол ашады.

Бұған қоса, толыққанды мүше, байқаушы және диалог бойынша серіктес форматында ШЫҰ қызметіне қатысуға шамамен тағы 10 елдің өтінімі қаралады», - деп атап өтеді ведомство басшысы міндетін атқарушы. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 21 жыл толды. Қазіргі уақытта оның құрамында Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан бар. Сонымен қатар Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолияның байқаушы ел, ал Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланканың серіктес ел мәртебесі бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады