Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жиын барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары 2021 жылғы ықпалдастықты қорытындылап, алдағы кезеңдегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ортақ жоспарды талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара сауда-саттықты жандандыру шараларын қарастырып, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты,  сондай-ақ пандемияның салдарын еңсеру және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан Президенті биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселенің кездесуде қарастырылғаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдіріп, осы саладағы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге ҰҚШҰ аясында қол қойылғанын еске салды.

Мемлекет басшысы пандемия кезінде көмек көрсеткені үшін Ресей Президенті Владимир Путинге алғыс айтты.

– Қазақстанға қиын кезеңде қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Ортақ уағдаластықты орындау мақсатымен Қарағандыда ресейлік Спутник V технологиясы негізіндегі бірлескен өндірісті жолға қоя алдық. Спутник V вакцинасы COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою ісінде шешуші рөл атқарды деп айтуға болады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ұйымға келесі жылғы төрағалығы барысында Қазақстан ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты