"Қазгидромет" РМК 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazlenta.kz
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты ел аумағында жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ Ақтөбе облысында түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр жауады.
4 шілдеде еліміздің шығыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Одан бөлек күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Ал Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.
4-07-2022, 09:06
Синоптиктер бүгін ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз