Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бөтен көлікті металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды

Бөтен көлікті металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды
Фото: polisia.kz

Өскемен қаласында полицейлер 25 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше қылмысқа қатысы барын анықтады. Күдіктінің екі автокөлікті заңсыз иеленіп, сондай-ақ көлікті есірткілік масаң күйде басқарғаны белгілі болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы дерек бойынша, ер адам тұрғын үй ауласында ұзақ уақыт бойы тұрған Mazda Cronos автокөлігін байқаған. Көлікке қатысты ешқандай заңды құқығы болмаса да, ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, машинаны алып кеткен. Кейін автокөлікті металлоломға өткізіп, одан 35 мың теңге алған. Осы әрекетімен көлік иесіне шамамен 1 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Арада бір апта өткен соң күдікті тағы да қылмыс жасаған. Қонақта болған кезінде ол кіреберісте тұрған Lada 21703 автокөлігінің кілтін байқап, оны иемденіп, көлікті рұқсатсыз айдап кеткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің көлік басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның ағзасында каннабиноидтар бары анықталып, есірткілік масаң күйде көлік басқарғаны расталды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция бөтеннің мүлкін заңсыз иелену және көлік құралын масаң күйде басқару заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Полиция азаматтарды өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
77 комментариев
  • Quyen
  • 16-11-2026, 19:42
  • : 19:42
References: Payid casino $20 deposit duffy-erickson-3.technetbloggers.de
  • Todd
  • 16-11-2026, 20:56
  • : 20:56
References: Casinos accepting payid nongkhaempolice.com
  • Alba
  • 17-11-2026, 00:05
  • : 00:05
References: Australian casinos that accept payid https://mapleprimes.com/users/randomcanada9
References: Payid friendly casinos https://krogh-anderson-2.blogbright.net/
  • Libby
  • 17-11-2026, 01:53
  • : 01:53
References: Pagar por bizum en casino online docs.monadical.com
References: Offshore payid casinos australia skyscrapperwiki.site
  • Marcy
  • 17-11-2026, 10:51
  • : 10:51
References: Top payid casinos zumpadpro.zum.de
  • Luigi
  • 17-11-2026, 22:07
  • : 22:07
References: Payid betting sites australia http://www.gophotos.cn/space-uid-349196.html
  • Delia
  • 17-11-2026, 23:18
  • : 23:18
References: Casino virtual paypal https://peatix.com/user/30809482/view
  • Rob
  • 18-11-2026, 03:12
  • : 03:12
References: Quick payout payid casino https://docs.monadical.com
  • Bette
  • 18-11-2026, 05:24
  • : 05:24
References: Best payid casino australia doc.thudep.com
  • Debra
  • 18-11-2026, 07:37
  • : 07:37
References: Payid casino australia www.brainchips.liuyanze.com
  • Doris
  • 18-11-2026, 12:59
  • : 12:59
References: Payid online pokies australia guzhen0552.cn
  • Essie
  • 19-11-2026, 03:35
  • : 03:35
References: Best online casino payid wzgroupup.hkhz76.badudns.cc
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды