Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды

Жетісу облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу ауданында автокөлікті заңсыз иемдену дерегі тіркелді. Полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта Жансүгіров ауылындағы кәсіпорын ғимаратының алдында белгісіз адам зауыт аумағында тұрған өзіне тиесілі Toyota Camry автокөлігін айдап кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Автокөлік қысқа мерзім ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес, күдіктінің зауыт аумағынан шығып, көлікті айдап кеткен сәті анық көрінеді. Тексеру барысында ол әріптесі демалып жатқан сәтті пайдаланып, рұқсатсыз автокөлікті алып, қызымен кездесуге бару үшін мінгенін түсіндірді. Дәл осындай ойланбай жасалған әрекеттер көбіне ауыр салдарға алып келеді. Көлік құралын заңсыз иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полиция азаматтарды заңды сақтауға, өзгенің мүлкіне құрметпен қарауға және әрбір шешімнің салдары болатынын ұмытпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті