Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бір түнде үш қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Астанада бір түнде үш қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада бір түнде үш қылмыс жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында полицейлер бір түнде бір автокөлікті айдап кетіп, екі көліктің салонынан ұрлық жасаған 32 жастағы ер азаматты ізін суытпай ұстады. Мас күйдегі күдікті әуелі Мұхтар Әуезов көшесінде Lada автокөлігін айдап кеткен. Кейін ол жақын маңдағы тұрақта тұрған КамАЗ жүк көлігінің терезесін сындырып, ішінен магнитола мен иесінің жеке заттарын қолды еткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 200 мың теңгені құрады. Бұдан соң күдікті Дүкенұлы көшесінде тұрған Skoda Octavia автокөлігінің әйнегін сындырып, салонынан 500 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Тексеру барысында оның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция көлік иелеріне бағалы заттарды салонда қалдырмауды, дабылқаққыш пен қосымша құлыптау құрылғыларын қолдануды, сондай-ақ көліктерді мүмкіндігінше күзетілетін тұрақтарға қоюды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті