Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы онлайн форматта қалай өтіп жатыр?

Бұл сұраққа Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ЖШС директорының орынбасары Ержан Дармышев жауап берді. Сұхбат барысында онлайн режимнің артықшылығы мен кемшілігі талқыланып, мәдени, әлеуметтік шаралардың қоғам үшін маңызы айтылды.



- Жалпы Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясы қалай жүзеге асып жатыр, қандай жобалар ұйымдастырылды?


- Бағдарламаны іске асыру мақсатында биыл облыс бойынша 40 мыңға жуық адамның қатысуымен 800-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың біразына тоқталар болсам, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайға арнау» атты облыстық мүшәйрасы жарияланды. Байқауға 200-ге жуық жұмыс ұсынылып, «Адамзаттың Абайы» атты жинақ кітап шығардық. Сондай-ақ, режиссер Асанәлі Әшімовтың «Абай» атты спектаклі облыс тұрғындарының назарына ұсындық. Облыстық басқармалардағы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Т-QUEST» ойынын өткіздік. Жас суретшілердің ұсынысы бойынша «Zhetysu ART» жобасы жүзеге асты. Бұл жоба аясында Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғасына Абай Құнанбаевтың, Әбу насыр әл-Фарабидің, белгілі журналист Бейсен Құранбектің бейнесі және медицина қызметкерлерінің құрметіне салынған сурет пайда болды.



- Ал пандемия кезінде жоспарланған іс-шаралар қалай өткізілді?


- Карантин кезінде аймақтың меценаттары, кәсіпкерлері мен еріктілері өз Отандастарына, оның ішінде 20 мың тұрмысы төмен отбасына әлеуметтік  көмек көрсетті. Шаралар мен жобаларды онлайн режимге ауыстырдық. Атап айтқанда, «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі», «Түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұнидің туылғанына 1000 жыл» тақырыбында онлайн әдеби кеш, «Алты алаштың ордасы – Алтын Орда» онлайн көрмесі өтті. ҚР Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында облыста алғаш рет онлайн форматта мемлекеттік қызметшілер арасында «IQ DODA» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына орай ардагерлерге арналған онлайн құттықтау, «Жетісудағы жастар ұйымының тарихы» тақырыбында онлайн конференция, Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» квест-байқауы,   #Менің7атам және #ҰлттықТағам атты челлендж, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен және «Волонтер болу – жауапкершілік» тақырыбында еріктілер тобымен тікелей эфир өтті.



- Өзіңіз айтып өткен жобалар мен іс-шараларды онлайн өткізгенде қандай қиындықтар болды?


- Пандемия басталған кезде, оффлайн режимнен онлайнға көшу қиын болды. Ең бірінші онлайн режимде өткен біздің іс-шарамыз  «Батырлар аманаты» атты байқау болатын. Әлеуметтік желіде афиша жариялап, қатысушылар парақшамызға өздерінің видеоматериалдарын жолдаған болатын. Сол жерден видеоларды қарап, нәтижесін қорытындылап, өткіздік. Біздің жобаларымыз оффлайн өтсе, шараға тұрғындар, БАҚ өкілдері келеді, тұрғындар көреді.  Жоба туралы ақпарат таратуға мүмкіндік көп болатын. Ал онлайн режимде мәліметті әлеуметтік желі арқылы таратып, өткен іс-шараның қорытындысын ғана көріп отырдық. Әрине, екеуінің де артықшылығы мен кемшілігі бар. Өз басым, оффлайн шараны дұрыс деп санаймын. Бұйырса, мына жаман індеттен құтылсақ оффлайн өткізуге дайындалып жатырмыз. Әзірше барлығы онлайн өтуде.



- Құпия болмаса, карантиннен кейін қандай жобаларды ұйымдастыру жоспарда бар?


- 2020 жылы аса ауыр індеттің өршуіне байланысты, жоспарға сайкес іс-шараларымыз онлай форматта өткізіліп, ауқымды іс-шаралар мен жобалар келесі жылға шегеріліп отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, осы жылдың соңына дейін «John Massey Stewart THOMAS, LUCY & ALATAU» кітабын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару, «Жеті сөз» телевизиялық жобасы, «Біржан-Сара» онлайн-айтысы, «Open Air Namys» мастер-классы, «Zhetysu Эрон Дрон» атты жарыс, жоғары сынып оқушыларына арналған садақ атудан «Бабалар демеуі» этнографиялық конкурсын ұйымдастыру жоспарлануда.



- Қандай кезең болмасын, онлайн да, оффлайн да жобаларды өткізіпсіздер. Ал енді бұл шаралардың қоғамға пайдасы қандай?


- Жоғарыда аталып өткен жобалардың маңызы халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңызы зор. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отан сүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда. Ең бастысы жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

 


- Ержан Жанұзақұлы, сұхбаттасқаныңызға рахмет! Жобаларыңыз сәтті өтсін деп тілеймін!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді