Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының жаңа оқу жылына дайындығы қалай?

Алматы облысының жаңа оқу жылына дайындығы қалай?
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Өңірде биылғы оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын білу мақсатында тілшілер облыстық білім басқармасынан ақпарат алды. Былтыр 1-сыныпқа 37 015 бала қабылданса, биылғы болжам бойынша 38 700 бала мектеп табалдырығын аттамақ.

Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылдауға 35 452 баланың ата-анасынан өтініш түскен.

Биыл 143 387 бала бастауыш сыныпта оқиды деп жоспарланып отыр. Олар қыркүйектен бастап тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 4,3 млрд. тг қаражат бөлінді.

Ал әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 52 305 оқушыны мектеп формасымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд. теңге бөлінді (әр балаға 40 567 теңгеден). Қаржы 15 тамызға дейін барлық ата-аналардың шотына аударылады.

12 тамызда Есік қаласында, 19 тамызда Талғар қаласында мектеп жабдықтарын, форма сату жәрмеңкелері өтеді.

Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етуге 3 млрд. 624 мың теңге бөлініп, 14 баспамен келісімшарт жасалды.

Оқулықтар қоры жаңартылып, барлық білім ошақтарына тамыз айының соңына дейін баспалардан тасымалданып, таратылады.

Шалғай орналасқан ауылдардан, саяжайлардан оқушыларды мектепке тасымалдау үшін 36 автобус сатып алынды.

Өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде 100% бейнебақылау камералары орнатылған. 369 мектепте (99%) дабыл түймелері қойылған, 107 (28,8%) мекемеде бейнебақылау камералары полицияның жедел басқару орталықтарына қосылған. 123 мектепте (57,7%) турникеттер орнатылған, 18 мекемеде (8,5%) лицензияланған күзет енгізілген.

Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу бағытында былтырдан бері 16 мектеп салынып жатыр. Биыл оның 9-ы ашылады. Қалған  5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 2 мектептің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

"Жайлы мектеп" жобасы аясында 26 мектеп құрылысы басталды.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен әлеуетін жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, жоба жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 756 млн. теңге қаражат бөлінді. Жобаға 50 мектеп, 65 917 оқушы және 2 500 мұғалім тартылады. Сонымен қатар аталған 50 мектептің 3-де материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Өткен жылдан бері мектептерді модернизациялау қолға алына бастады. Биыл 78 мектепті жаңғыртуға 6,7 млрд. теңге қарастырылды. 70 мектепке заманауи 86 кабинет, 78 мектеп кітапханалары үшін көркем әдебиеттер, стеллаждар, компьютерлік техника сатып алынады. 5 мектептің жиһазы мен 4 мектептің асханасы жаңғыртылады. 5 мектеп күрделі жөндеуден, 5 мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, былтырғы оқу жылының қорытындысына сәйкес, 425 мектепте 330 549 оқушы оқыды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды