Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Щучинск әкімі даулы тікелей эфир үшін қалай жазаланды

Щучинск әкімі даулы тікелей эфир үшін қалай жазаланды
Фото: бейне скриншот

Щучинск қаласының басшысы даулы тікелей эфирі үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жуырда Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Оны бітіргеннен кейін әкімдік қызметкері эфирді өшіре алмаған. Эфир тоқтатылды деп ойлаған әкім сұрақ қойған журналиске қатысты дөрекі сөз айтады.

Шаһар басшысының өрескел қылығы желіде қызу талқыланды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі сөздері өздеріне бағытталды деп ойлаған. Кейін Олжас Нұрмағамбетов эфир жазбасын жариялап, "бір жерге" барлық тұрғындарды емес, тек желідегі жергілікті парақшалардың бірін жібергенін түсіндірді. Бірақ бұл оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қызметтік тергеу барысында дәлелдер табылған.

“Ақпарат расталды. Нұрмағамбетовке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бүгінгі күні осындай ереже бар: егер қызметкер өзінің бұзушылығын мойындаса, онда тәртіптік кеңесте, әдеп жөніндегі кеңесте қараусыз қалуға болады”, - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанаділова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті