Астанада вейп сататын дүкенді тонаған азаматтар қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер бірнеше минут ішінде терезені сындырып, құны 1 млн теңгені құрайтын электронды темекілерді алып шыққан.
Түнде жігіттер дүңгіршектің есігін бұзып, дабылдың қатты дауысын елеместен тауарды ұрлап шыққанын бейнекамералар түсіріп алған. Екі екі ұры ішке кірсе, үшіншісі дүкеннің сыртында бақылап тұрған.
Байқоңыр ауданының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтады. Олардың екеуі Тәжікстанның 23 және 30 жастағы азаматы болса, 26 жастағы жігіт астаналық болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған электронды темекілер тәркіленіп, дүкен иесіне қайтарылды.
Астана қаласы полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне құнды заттарға мұқият болып, өз нысандарында ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.